Жамбыл облысының полицейлері 4,6 миллион теңге қарызы бар жүргізушіні ұстады
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 наурыз, 2025
- 794
Әкімшілік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы нұсқамаларды өңдеу кезінде «Toyota Vellfire» маркалы автокөлігін анықтады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған көліктің 27 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын азамат болып шықты. Соңғы екі ай ішінде ол Жамбыл облысында жылдамдық режимін 89 рет бұзып, жалпы сомасы 4,6 миллион теңге айыппұлға ие болған.
Тараз қаласының ПБ Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында бұл көлік анықталып, облыс орталығының көшелерінде тоқтатылды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және әрбір құқық бұзушылыққа міндетті түрде жауапкершілік қарастырылатынын еске салады.
Жетісуда пара алған департамент басшысы ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Таразда есірткі жасырған ер адам полиция бақылауына алынды
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 желтоқсан, 2025
Байзақ ауданы сапалы ауызсумен 100 пайыз қамтылды
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2025






