Қазір тергеу жүріп жатыр.
Жетісу облысының Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шенеунік 2025 жылға арналған электр энергиясының тарифі мен тарифтік сметасын көтергені үшін «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ басшысынан 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктеліп отыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның төрағасын қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 27 қаңтар, 2026



