жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының полицейлері балалардың терезеден құлауының алдын алу шараларын күшейтті

Жамбыл облысының полицейлері балалардың терезеден құлауының алдын алу шараларын күшейтті
Жамбыл облысының Полиция Департаменті
Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуға, терезелерге қорғаныс құралдарын орнатуға және қараусыз қалдырмауға шақырады.

  Жамбыл облысында балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлау оқиғаларына байланысты алдын алу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Биылғы жылдың басынан бері өңірде осындай 8 жағдай тіркелді. Олардың көпшілігі ересектердің бақылауының болмауынан және терезелерде қорғаныс құралдарының орнатылмауынан болған. Статистика бойынша, 1 жастан 10 жасқа дейінгі балалар ерекше тәуекел тобына жатады.

Көктемгі-жазғы кезеңде балалардың үйде жиі болуына байланысты облыс полицейлері профилактикалық шараларды қарқынды жүргізуде. 3000-нан астам пәтер мен үйді аралау барысында шатырлар мен жертөлелерге кіру жолдарының қауіпсіздігі, құлыптардың бар-жоғы тексерілді. Бұл — кәмелетке толмағандардың қауіпті нысандарға кіруінің алдын алу мақсатында жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, тұрғындармен 1500-ден астам кездесу өткізіліп, ата-аналар мен заңды өкілдерге терезеге арнайы қорғаныс торларын, құлыптар мен блокаторларды орнатудың маңыздылығы түсіндірілді. Полицейлер баланы үйде қараусыз қалдыру — қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар