жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әскери институттарға құжат қабылдау 31 шілдеге дейін жалғасады

Әскери институттарға құжат қабылдау 31 шілдеге дейін жалғасады
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Елімізде әскери жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Талапкерлер Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты, Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына оқуға түсе алады.

Ведомствоның баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, құжаттарды қабылдау 15–31 шілде аралығында, ал қабылдау емтихандары 1–20 тамыз аралығында өткізіледі. Талапкерлер кәсіби-психологиялық іріктеуден, медициналық тексеруден, дене шынықтыру скринингі және мандат комиссиясынан өтеді. Биылдан бастап "Электрондық үкімет" (e-Gov) порталындағы жеке кабинет арқылы құжаттарды тапсыруға болады. Бұл процесті неғұрлым қолжетімді және ыңғайлы етеді.

Болашақ офицерлерді даярлаудың оқу бағдарламалары командалық және техникалық бағыттардан инженерлік бағыттарға дейінгі негізгі әскери мамандықтарды қамтиды.

Министрліктің мәліметінше, әскери оқу орындарының курсанттары төрт жыл мерзімге мемлекеттік білім беру бағдарламалары бойынша оқып, тегін тұрғылықты жермен, ақшалай үлеспен, тамақпен, заттай мүлікпен және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.

Әскери жоғары оқу орнына түсу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына жүгінуі, арнайы тексеруден өтуі, сондай-ақ ҰБТ нәтижелерін ұсынуы қажет.

Бірінші курсқа қабылданған курсанттар арасында жақын және алыс шетелдердің әскери жоғары оқу орындарында оқуға іріктеу жүргізіледі. Шетелде оқығысы келетіндер оқу тілін білу тестінен және ҰБТ нәтижелерінің рейтингісінен өтеді.

Әскери оқу орындарында оқуға, дене шынықтыруға және кәсіби тұрғыда өсуге барлық жағдай жасалған. Оқуды аяқтаған түлектерге "лейтенант" әскери атағы беріледі. "Бакалавр" академиялық дәрежесін беретін мемлекеттік білім ордасында оқу – сұранысқа ие мамандықты алуға ғана емес, сонымен қатар жұмысқа орналасу кепілдігі, тұрғын үймен қамтамасыз ету және алғашқы жылдардан бастап тұрақты қызмет етуге кепілдік береді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар