жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Премьер-министр орта бизнесті дамыту жөніндегі жоспарлармен бөлісті

Премьер-министр орта бизнесті дамыту жөніндегі жоспарлармен бөлісті
Үкіметтің баспасөз қызметі
Олжас Бектеновтің айтуынша, орта бизнестің дамуы жалпы экономиканың өсуіне және оның тұрақтылығына оң әсер етеді.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысынан кейінгі брифингте журналистердің сұрақтарына жауап беріп, орта бизнесті дамытуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Соның ішінде Президент 2029 жылға қарай орта бизнестің ел экономикасындағы үлесін 15%-ға жеткізу туралы тапсырмасы туралы сөз болды.

Олжас Бектеновтың айтуынша, қазіргі таңда шағын және орта бизнестің (ШОБ) жалпы ішкі өнімдегі үлесі 39%-ды құрайды. Бұл көрсеткіштің 32%-ы шағын бизнеске, ал 7%-ы орта бизнеске тиесілі.

«15%-ға дейін жеткізу міндеті бар. Ол үшін мемлекет тарапынан бірқатар қолдау шаралары қарастырылған. Оның бәрін іске асырамыз. Мен жаңа «Бәйтерек» холдингі туралы айтып өттім. Сол сияқты біз «Даму» қоры жанынан екі кепілдік беретін қор құрдық. Ол да өзінің оң әсерін береді деп ойлаймыз. Бірақ бұл өте күрделі және өте маңызды мәселе. Егер біз орта бизнестің тиісті үлесін қамтамасыз етсек, ол жалпы экономикалық өсімге, экономикамыздың тұрақтылығына өте жақсы әсер етеді деп ойлаймыз. Сондықтан Үкімет, жергілікті атқарушы органдар осы міндетті іске асыру үшін уақтылы жұмыс істеп жатыр», - деді Олжас Бектенов өз сөзінде.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар