жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда 742 азаматтың еңбек және зейнетақы құқықтары бұзылған

Таразда 742 азаматтың еңбек және зейнетақы құқықтары бұзылған
Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы
Бұл туралы Жамбыл облысының прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тараз қаласының прокуратурасы еңбек және зейнетақы заңнамасының бұзылу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тексеру нәтижесінде 742 азаматтың құқықтарының бұзылғаны белгілі болды.

«Жасыл Ел Тараз» ЖШС 2025 жылдың басынан бері 605 қызметкер үшін жалпы сомасы 24 миллион теңге болатын міндетті зейнетақы жарналарын аудармаған.

Сондай-ақ, Тараз қалалық Білім бөлімінде еңбек еткен 19 зейнеткердің пайдасына 3 миллион теңгеден астам жарна төленбегені анықталды.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша 27 миллион теңге көлеміндегі зейнетақы жарналары толығымен өтеліп, қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.

Бұдан бөлек, прокуратура мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытында шаралар қабылдады. Нәтижесінде 41 қызметкердің жұмыс уақыты қысқартылды, 45 адамға жұмыссыздық бойынша жәрдемақы тағайындалды, 10 адам кәсіптік оқуға жіберілді, 22 азамат субсидияланатын жұмыс орындарына жолданды.

Азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау мәселесі прокуратураның тұрақты бақылауында.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар