Жамбыл облысының полицейлері бес тәулікте 5 мыңға жуық заң бұзу фактісін анықтаған
- авторjambylinfo.kz
- 15 мамыр, 2024
- 502
"Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасының 5 күнінде полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 5 қылмыскерді, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін 6 адамды және 8 “заңсыз иммигрантты" ұстады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, полиция қызметкерлері барлығы 4965 әкімшілік құқық бұзу дерегін анықтаған. Оның ішінде, 1041 адам тіркеусіз немесе құжатсыз тұрғаны, 307 адам ұсақ бұзақылық жасағаны, 303 адам қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін 146 бұзақы жауапқа тартылғаны белгілі болды.
«Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және ересектердің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болған 496 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Полицейлер сондай-ақ, жол қозғалысы ережесін бұзған бірнеше фактіні анықтады. Атап айтсақ, 19 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған, 8 азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сондай-ақ 571 жүргізушіге қатысты белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды, 1637 жаяу жүргінші жолдың белгіленбеген жерінен кесіп өткені үшін жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Таразда сотталған азаматтар оқу-ағарту курстарынан өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2024