Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы, самбодан екі дүркін әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың салық қызметі алдында үлкен қарызы бар болып шықты, -деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Ресейлік БАҚ мәліметінше, Хабиб 306 миллион 688 мың 389 рубль (шамамен 1,5 миллиард теңгедей) қарызы бар болып шықты. Mash басылымы Ресейдің Федералдық салық қызметі Нурмагомедовке тиесілі Eagle FC промоушені және спортшының қайырымдылық қорының есеп-шотын бұғаттағанын хабарлады.
Адвокат Игорь Бушмановтың сөзінше, салық төлемегені үшін Нурмагомедов түрмеге отыруы да мүмкін.
"Ұйым салығынан жалтару - ауыр қылмыс. Төленбеген салық соммасы 10 миллионнан асса, бұл үшін РФ заңындағы 199-бабы бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы заң қарастырылған", - дейді адвокат.
Ұқсас жаңалықтар
Әлем чемпионаты: төрт қазақстандық спортшы финалға шықты
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025
Темірлан Анарбеков Мбаппені артта қалдырып, рейтингте көш бастады
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025






