Жамбыл облысының прокуратурасы жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелерін талқылады
- авторjambylinfo.kz
- 9 сәуір, 2024
- 512
Облыс прокуроры кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың және балалар қылмыскерлігінің алдын алу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың, полиция және білім беру органдарының жұмысындағы жүйелі кемшіліктер мен өзара іс-қимылдың жоқтығын атап өтті.
"Биыл 3 айда балалар жасаған қылмыстар 112%-ға, суицидтер 4-ке дейін өсті, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстар деңгейі төмендеген жоқ. Ескі форматта жұмыс істеу тиісті нәтиже бермейді", - деді облыс прокуроры Әдіров.
Облыс прокуроры тұрмысы қолайсыз отбасылармен, полиция органдарында есепте тұрған адамдармен жұмысты күшейту, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайдағы балаларға сапалы әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету қажет екенін алға тартты.
Сондай-ақ учаскелік және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция қызметкерлерінің жұмысын бағалау критерийлерін қалыптастыру мәселесі қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша полиция, білім және әкімдік бөлімшелерінің басшыларын жауапкершілікке тарту бойынша қадағалау актілері енгізілді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз