сәрсенбі, 11 ақпан, 2026 10:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл және Түркістан облыстарында жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды

Жамбыл және Түркістан облыстарында жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды
istockphoto.com
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі мәлімдеді.

2026 жылғы 11 ақпан сағат 08:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шектеу Жамбыл және Түркістан облыстары аумағындағы «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» халықаралық автожолының белгілі бір бөліктерінде қолданылады.

Қай учаскелер жабылды?

Жамбыл облысында қозғалыс 534-593 шақырым аралығында, яғни Айша бибі ауылы мен Түркістан облысының шекарасы аралығында шектелді.

Түркістан облысында шектеу 593-654 шақырым аралығында, Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейінгі бөлікті қамтиды.

Аталған шара жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

Жол қашан ашылады?

Жолды 2026 жылғы 12 ақпан сағат 10:00-де қайта ашу жоспарланып отыр. Ауа райы жағдайына байланысты өзгерістер болуы мүмкін.

Қосымша ақпарат

Жүргізушілер мен жолаушылар 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат ала алады.

Мамандар жүргізушілерге жолға шықпас бұрын ауа райы болжамын және жолдардың жай-күйін нақтылап алуды ескертеді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар