жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл жаңалықтары «Әліппемен» қайта қауышқан оқу жылы басталды

Жамбыл жаңалықтары  «Әліппемен» қайта қауышқан оқу жылы басталды
ашық дереккөзі
Жамбыл жаңалықтары «Әліппемен» қайта қауышқан оқу жылы басталды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Білім күнінде Байзақ ауданы, Бурыл ауылындағы №6 орта мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Бурылдықтардың қуанышын бөлісуге арнайы барған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтау сөз сөйлеп, жаңа оқу жылына сәт сапар тіледі. Мектеп құрылысын былтыр наурыз айында «Өмірзақ» ЖШС қолға алған. Мектеп бір ауысымда 300 оқушы қабылдай алады, жалпы 600 оқушыға дейін оқыта алады екен. Бүгін мұнда 420 оқушы бар. Заманауи оқу құрал-саймандарымен, кабинеттермен жабдықталған мектепте оқушыларға барынша жағдай жасаған. Мысалы, әр оқушының өз қызығушылығына қарай тәжірибе алаңы мен ойын алаңы да бар. Қыз балалар үшін мата өңдеу кабинеті болса, ұл балаларға ағаш өңдеу кабинеті ашылған. Сонымен қатар саз балшықтан түрлі мүсіндер мен ыдыстар жасауына болады. Ал жаңа мектептің табалдырығын аттағалы тұрған 50 бүлдіршін Ахмет Байтұрсынұлының 1912 жылы негізін түзеген «Әліппе» оқулығымен қауышты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар