Талибан Ауғанстанның толық тәуелсіздігін жариялады
АҚШ әскері шығарылғаннан кейін Талибан Ауғанстанның толық тәуелсіздігін жариялады.
«Талибан» радикалды қозғалысының өкілі (Қазақстан мен басқа елдердің аумағында тыйым салынған ұйым) Забиулла Мужахид америкалық әскерлерді шығару аяқталғаннан кейін Ауғанстан толық тәуелсіздікке қол жеткізді деп мәлімдеді.
Соңғы америкалық сарбаздар бүгін ауған уақытымен түн ортасында Кабул әуежайынан шықты. Осылайша біздің ел ақырында бостандық алып, толық тәуелсіздікке қол жеткізді, деп жазды Забиулла Мужахид Twitter-де.
Бұған дейін АҚШ Қорғаныс министрлігінің өкілі генерал Маккензи Ауғанстаннан америкалық әскерлерді шығару аяқталғанын және АҚШ-тың елдегі әскери миссиясы аяқталғанын хабарлаған болатын.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024