Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 3 мыңнан астам мұғалім біліктілік тестін тапсыруда шекті деңгейден өтпеген
- авторjambylinfo.kz
- 31 наурыз, 2021
- 319
Жамбылда 3 мыңнан астам мұғалім біліктілік тестін тапсыруда шекті деңгейден өтпеген
Былтыр облыстағы білім беру ұйымдарына берілген нұсқаманың орындалмауына байланысты 9 әкімшілік іс қозғалған. Қортындысында 4 мектептің материалдық-техникалық базасы талапқа сай еместігі анықталып, бірнеше педагог қызметкердің шет елде оқыған дипломдары жалған болып шыққан. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Дамеш Ускумбаева айтты.
Спикердің айтуынша, диплом нострификациясы жоқ болуынан «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекспен іс қозғалған. Ондағы 409 және 464 бап бойынша іс қаралып, 320 870 мың теңге айыппұл салыныпты. Ал 5 мектептің істері сотқа жолданған. Олқылықтар орын алған оқу ошақтары Талас ауданындағы М.Әуезов, Жуалы ауданындағы Күреңбел және №5-ші, Мойынқұм ауданы Қ.Рысқұлбеков, Қордай ауданы №50 орта мектебі.
Президент пәрменімен мәртебелі мұғалім мамандарының айлығы артқаны белгілі. Ал жалақысы жақсарған педагогтардың біліктілігі соған сай ма? Брифинг барасында осы тұрғыда сауал қойылды. Департамент басшысы Дамеш Ускумбаева ұлттық біліктілік тестілеу жайына тоқталып өтті.
«Ұлттық біліктілік тестілеуге 4528 педагог қатысса, оның 1410-і шекті деңгейден өту балын алса, 3118-і шекті деңгейден өтпеген. Сонымен қатар, тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланған 38 педагог тесттен шығарылып, 24 педагогке 12 «ескерту», 11 «сөгіс» және 1 «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды», - деді спикер.
Сондай-ақ, баспасөз алаңында бітірушілердің ҰБТ қатысу жайы да қозғалды. Биыл 10 наурыздан бастап Тараз қаласы мен Шу ауданында мектеп бітірушілерге тестілеу басталғаны белгілі. Бүгінде тестілеуге 1924 түлек қатысып, оның 10-ы тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін тестілеуден шығарылған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала