жексенбі, 24 қараша, 2024 13:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан Елтаңбасының авторы Шот-Аман Уәлиханов өмірден өтті

Қазақстан Елтаңбасының авторы Шот-Аман Уәлиханов өмірден өтті
ашық дереккөзі
Қазақстан Елтаңбасының авторы Шот-Аман Уәлиханов өмірден өтті
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Шот-Аман Уәлихановтың отбасына көңіл айтты «Шот-Аман Уәлихановтың отбасы мен туған-туыстарына! Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан көрнекті сәулетші, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат», «Отан», «Даңқ» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Тəуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, ҚР сəулетшілер, дизайнерлер, жазушылар суретшілер одағының мүшесі, бүкіләлемдік Шыңғыс хан академиясының, Шығыс елдері Халықаралық сәулет академиясының, халықаралық сəулет академиясының академигі (Ресей Федерациясы) Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Шот-Аман Ыдырысұлы саналы ғұмырын сүйікті ісіне арнап, мағыналы өмір сүрген өз ортасына сыйлы, болмысы бөлек жан еді. Ол халқымыздың тарихындағы ардақты тұлғалардың ескерткішін жасап, ер есімін ел арасында ұлықтауға, сәулеті көз тартар ғимараттардың бой көтеруіне сүбелі үлес қосты. Бұл қатарда елорда төріндегі Кенесары Қасымұлы, Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы, Ерейментаудағы Бөгенбай батырдың, ШҚО-дағы хакім Абай мен Шәкәрімнің, Алматыдағы Шоқан Уәлиханов, Дина Нұрпейісова, Əліби Жангелдин, Тоқаш Бокин, Ғани Мұратбаев, Нұрмолда Алдабергенов, Талғат Бигелдинов, Жұмағали Саин, Тайыр Жароков, Тахауи Ахтанов, Əбу Сəрсенбаев, Дінмұхамед Қонаев, Тілес Қажығалиев, Құрманай Омарова, Нұрғали Тасмағамбетов, Шафик Чокинге арналған туындыны халық жақсы біледі. Сол сияқты Алматыдағы «Динамо» стадионы, Алматы қаласы əкімдігінің, қазақ-неміс университеті ғимаратының, Қарағандыдағы Космонавтика монументі сынды еңселі нысанның жобасын жасады. Сегіз қырлы, бір сырлы ағамыз еліміздің сәулет және бейнелеу өнерінің өзекті мәселелерін көтерген көптеген ғылыми мақаламен қатар бірқатар драмалық шығарма жазды. Олардың қатарында «Тағдыр», «Шоқанның анты», «Ақнұр», «Шоқанның ақ түндері», «Террор» атты пьесасы бар. Ғибратты азаматтың асыл бейнесі, ерен еңбегі туған-туыс пен қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады. Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа, алды пейіш, арты кеніш болсын!»,-деп жазды министр өзінің Instagram парақшасында.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар