жексенбі, 24 қараша, 2024 13:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда былтыр қатерлі ісіктен 768 адам көз жұмған

Жамбылда былтыр қатерлі ісіктен 768 адам көз жұмған
ашық дереккөзі
Жамбылда былтыр қатерлі ісіктен 768 адам көз жұмған
Былтыр Жамбыл облысында 7652 ауру қатерлі ісікпен есепке алынған. Ал, 2019 жылы 7360 науқас тіркелген. Яғни есепке тұрғандар санының өскені байқалады. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Қайрат Жетібаев айтты. Спикердің айтуынша, былтыр өңірле қатерлі ісік алғаш рет анықталған аурулар саны 1414-ті құраған. Бұл 2019 жылымен салыстырғанда 136 адамға кемігенін көрсетеді. «Өлім көрсеткішіне келсек, облыс бойынша өткен жылы 768 ауру қайтыс болып, өлім көрсеткіші 100,0 мың адамға шаққанда 67,4 құрады. Өткен жылы өңірімізде қатерлі ісікпен алғашқы рет ауырған 1414 адамның 58,2 пайызы сырқаттың I және II сатысында екені анықталды. Бұл – осынша науқастың қажетті емді уақтылы алса, жазылып кету мүмкіндігі жоғары деген сөз. Өлім-жітім көрсеткішін төмендету үшін ауруды алдын алу және ауруды ерте сатыда анықтау қажет»,- деді Қайрат Жетібаев. Облыста өткен жылы обыр ауруының үлес салмағы бойынша сүт безі қатерлі ісігі бірінші орынға шыққан. Нақтырақ айтсақ, 12,2 пайызды құрап отыр. Екінші орында 10,0 пайызбен өкпенің қатерлі ісігі, ал асқазан қатерлі ісігі 8,5 пайыз, тері қатерлі ісігі - 7,9 пайыз, жатыр мойны қатерлі ісігі 5,2 пайыз, тоқ ішек, тік ішек қатерлі ісігі - 4,7 пайызға айналған. Айта кетейік, былтыр еліміз бойынша 190 159 онкологиялық аурумен есепте тұрады, оның ішінде Республика бойынша 33 537 ауру алғашқы рет ауырғандар саналады.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар