Жамбылда ауа райы нашарлайды: мамандар ескерту жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 қараша, 2025
- 447
3 қараша күні түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында ауа райы қолайсыз болмақ, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Қазгидромет» мәліметінше, өңірде тұман түсіп, көріну қашықтығы шектеледі.
Сондай-ақ оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы өңірлерінде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін, ал кей тұстарда түнде 25 м/с-қа дейін жетеді деп болжануда.
Мамандардың айтуынша, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал орталық, батыс және шығыс аймақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қаласында да 3 қараша күні түнде және таңертең тұман күтіледі.
Төтенше жағдайлар қызметі облыс тұрғындары мен қонақтарын ауа райы болжамына мұқият болып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Көксарай су реттегішінде ірі тазарту жұмыстары басталды
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






