дүйсенбі, 18 қараша, 2024 3:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда бір аптада баласына бас-көз болмаған 84 ата-ана жауапқа тартылды

Жамбылда бір аптада баласына бас-көз болмаған 84 ата-ана жауапқа тартылды
ашық дереккөзі
Жамбылда бір аптада баласына бас-көз болмаған 84 ата-ана жауапқа тартылды
Жамбылдық полицейлер жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу шараларын жүргізді. Жүргізілген рейд барысында Жамбыл облысында 84 ата-ана мен өзге де заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығы 63 рейд барысында 67 кәмелетке толмаған бала ішкі істер органдарына жеткізілді. Олардың ата-анасы Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы Қазақстан заңнамасын бұзудың 2 дерегі анықталды. Аталған дүкен иелері Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 200-бабы бойынша жауап береді. Әкімшілік құқық бұзу кодексі бойынша тағы 16 заңбұзушылық тіркелді. Кәмелет жасына толмаған 8 бала профилактикалық есепке қойылды. 2 жасөспірім арнайы мектепке орналастырылды, бір заңды өкіл ата-ана құқығынан айырылды. «18 шілде сағат 00:00-де күшіне енген карантин шараларын ескере отырып, облыстың барлық тұрғындарын ұжымдық іс-шараларды өткізуден және оған қатысудан аулақ болуға, сондай-ақ балаларды, олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға шақырамын. Демалыс күндері кәмелетке толмаған балалардың бос уақыты мен байланысын бақылауды күшейту керек. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзу кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қабылданады», - деп хабарлады полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар