жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда бір күнде 10 мыңнан астам мұқтаж отбасына құрбандық еті таратылды

Жамбылда бір күнде 10 мыңнан астам мұқтаж отбасына құрбандық еті таратылды
ашық дереккөзі
Жамбылда бір күнде 10 мыңнан астам мұқтаж отбасына құрбандық еті таратылды
Жамбыл облысында Құрбан айттың бірінші күні 10243 отбасына құрбандық малының етін таратылды. «Қайырымды істер марафонынан» кімдер көмек сұрай алады Құрбан Айттың алғашқы күні 40 мың отбасыға ет таратылды – ҚМДБ Елордада 450 қой және 21 сиыр құрбандыққа шалынды 2 мыңнан аса қазақстандық онлайн құрбан шалды «Ұлтты ұйыстырған ұлық мереке Құрбан айт басталып, исі мұсылман жұртшылықтың қуанышын еселей түсті. Бүгін алғашқы күні шалынған құрбандық еттері Жамбыл облысы бойынша 10243 отбасына жеткізілді»,-дейді орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ақерке Бекқұлова. Өңірдегі көмекке мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі жанұяларға онлайн және мешіт арқылы қабылданған өтініштер бойынша табысталды. Таңертең құрбандық шалу рәсімінде ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың өзі болып, Құран бағыштап, дұға жасаған. Етті тарату үшін еріктілер тобы жұмылдырылып, арнайы көлікпен үйді-үйге жеткізілді. Көпшілік алғысын айтып, мерекемен құттықтаған. Жалпы айта кету керек, биыл Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Б. Шиналиевтың 16 шілде күні жарияланған қаулысына сәйкес, құрбандық шалу рәсімі Qurban2021.kz арнайы сайтына онлайн тапсырыс беру арқылы жүзеге асты. Сол сияқты, аталған сайт арқылы мұқтаж жандардың тізімі жасалған. Әлеуметтік көмек алу үшін осы сайтқа тиісті құжаттарды тапсыра отырып, тіркелу қажет.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар