жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 2:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда ерікті жастар мұқтаж отбасына үй салып берді

Жамбылда ерікті жастар мұқтаж отбасына үй салып берді
ашық дереккөзі
Жамбылда ерікті жастар мұқтаж отбасына үй салып берді
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы аясында Тұрар Рысқұлов ауданыны Луговой ауылында тағы бір баспананың кілті табысталды. Риддерде өрттен зардап шеккендерге жаңа тұрғын үйлердің кілті табысталды Нұр-Сұлтанда үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды Қаражалда кезекте тұрған 200-ден астам тұрғынға баспана беріледі Қарқаралы тұрғындары Түркістан облысынан қоныс аударушыларға екі үй сыйлады Тұрғын үйдің құрылысына ерікті жастардан құрылған «Жан жылуы» қайырымдылық қорымен қатар, жергілікті кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары және де қарапайым ауыл тұрғындары үлес қосқан. «Асарлатып үй салу» жобасымен ауданда өткен жылы жоспарланған 16 үйдің 14-і салынған. 2 дайын үй сатып алынып, мұқтаж отбасыларға тапсырылған болатын. Биыл тағы да 15 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл жолы жоба аясында демеушілердің көмегімен Луговой ауылының тұрғыны, ерекше бала тәрбиелеп отырған Дария Тулендиева баспаналы болды. Қоныстой иесін құттықтау үшін игі іс-шараға аудан әкімі, ардагерлер мен қайырымдылық шарасына ат салысқан жандар қатысты. Баспана кілтін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов табыстап, бірлік бар жерде тірлік бар екенін тілге тиек етіп, асарлатып үй салған ауыл тұрғындарына алғыс айтты. Тұрғын үйдің бой көтеруіне айрықша үлес қосқан ауыл азаматтары мен кәсіпкерлерді аудан әкімі Ерболат Садырқұлов алғыс хаттармен марапаттады. Жаңа баспананың құрылысы 3 айда аяқталған. 5 миллионға жуық қаражат жұмсалған. Ауыл кәсіпкерлері, сырттағы аудан тумалары, ерікті жастар мен ауданның жанашыр азаматтарының демеушілік көрсетуімен жүзеге асқан жоба алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар