Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда блогер жарнама түсіремін деп 10 тәулікке қамалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 маусым, 2025
- 680
Құқық қорғау органдары азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға, заңды бұзбауға және өзгелердің қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуге шақырады.
Жамбылда қоғамдық тәртіпті бұзған блогер әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Супермаркеттердің біріне жарнама ролигін түсіру кезінде блогер қоғамдық тәртіп ережелерін елемей, өрескел әрекеттерге барған. Көрермен назарын аудару мақсатында ол қойылым ретінде автокөліктің алдыңғы терезесін әдейі сындырған және жанындағы жолаушымен дөрекі сөйлесіп, жол-жөнекей өтіп бара жатқан адамдарды шошытқан.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл әрекеттердің салдарынан блогер 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Келесі мақала
Таяу Шығыс шиеленісі: Трамп саммитті тастап, елге оралды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Тәуелсіздік шежіресі» атты танымдық мәдени кеш ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025






