Жаңалықтар
"16 миллион адамның жеке дерегі тарап кеткен": Министрлік қауесетті тексеріп жатыр
- авторАрайлы Жақсылық
- 17 маусым, 2025
- 690

Әлеуметтік желілерде 16 миллион қазақстандықтың дербес деректері таралғаны туралы ақпарат пайда болды.
Атап айтқанда, 15,8 миллионнан астам ЖСН, 17 миллион телефон нөмірі, сондай-ақ азаматтардың толық аты-жөні, туған күні, азаматтығы мен мекенжайы жарияланып кеткен.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл деректердің өзектілігін талдауды қоса алғанда, жан-жақты тексеріс жүргізіп жатыр.
Алғашқы талдау нәтижелері мәліметтердің жекеменшік ақпараттық жүйелерден шыққан болуы мүмкін екенін көрсетеді. Қазіргі уақытта мемлекеттік ақпараттық жүйелерден хакерлік шабуылдар немесе дербес деректердің таралуы тіркелген жоқ.
Дербес деректері тарап кеткен азаматтарға eGov электрондық үкімет порталының жеке кабинеті арқылы хабарлама жіберіледі.