дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 2:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда экология тазалығына селсоқ қараған әкімдер жазаланып жатыр

Жамбылда экология тазалығына селсоқ қараған әкімдер жазаланып жатыр
Jambylinfo.kz
Экология департаменті қоқыс орындарына ғарыштық бақылау жүргізген

Жамбылда қоқыс орындары көбейген. Бұл алдымен тұрғындардың қоршаған ортаға деген құрметінің болмауынан деп отыр мамандар. Осы орайда Тараз қаласы аумағында кезекті рейд кезінде экология департаментінің мамандары қала шетіндегі қоқыс төгілген аумақты анықтады, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz
Қаланы Байзақ ауданымен байланыстыратын жол жиегін белгісіз біреулер қоқыс алаңына айналдырған. Мұнда құрылыс қалдықтарынан бастап, тұрмыстық заттарға дейін шашылып жатыр. Бақылау болмауының салдары бұл. Сондықтан экология департаменті соңғы жылдары бейберекет орналасқан қалдықтарды ғарыштық бақылаумен жүзеге асырады.

-    Ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша Жамбыл облысының аумағында 91  нүкте түсірілді, оның ішінде 44 бей берекет қоқыс үйінділері анықталды. Сонымен қатар, 47-нүкте полигон ішіндегі қоқыс үйінділері, полигон шекаралары кеңейген, оның ішінде 29 үйінділер тазартылып, 15 қоқыс орындары тазартылмады,- дейді Экология департаментінің бөлім басшысы.

Ғарыштық бақылаудың нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы органдарға оларды жою жөнінде нұсқамалар беріледі. Егер олқылық түзелмеген жағдайда жауапкершілікке тартады. Бүгінгі күні тиісті аумағын бақылауда ұстай алмаған бірқатар әкімдер жазаланып, айыппұл арқалаған.

-    Жамбыл ауданының 5 ауылдық округ әкімдерін, Талас ауданы әкімі орынбасарын, Қордай ауданының 2 ауылдық округ әкімдерін, Байзақ, Жамбыл аудандары әкімдерінің орынбасарларын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы 276,900 мың теңге айыппұл салынды. Бұл тек Жамбыл облысының ғана емес, жалпы республиканың жүйелі проблемасы деп санаймыз, өйткені аудан орталықтары мен ауылдарда заманауи полигондар жоқ,- деді Ермек Құралбаев. 

Экологияны ластайтын бұдан бөлек сан түрлі фактор бар. Соның бірі – ескі көліктерден шығатын зиянды түтін. Жауапты органмен рейд «Таза ауа» шарасымен жалғасты. Мұнда  жылжымалы зертхана қала көшелерінде қара түтінді будақтатқан жанармай, газ пайдаланылатын ескі көліктерді тоқтатып, зияндылығын тексерді.  Шектен тыс қауіпті зат шығаратын  автокөлік құралдарына полицейлер әкімшілік шаралар қабылдады. Іс-шара барысында жалпы 32 бірлік автокөлік тексеріліп, оның 14-і  нормаға сай келмейтіні белгілі болды. Жалпы бұл рейдік шара облыста жылына екі рет өткізіледі. 

-    Биыл  Жамбыл облысы бойынша экология департаменті зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы 26 зертханалық зерттеу жүргізді. 96 сынама алынып, тиісінше 523 талдау және анықтау орындалды. Бұл ретте 48нормативтердің асып кетуі анықталды. Есепті кезеңде атмосфералық ауаның ластану көздерін бақылау бөлігінде 16 зертханалық тексеру жүргізілді. 65 сынама алынды, сәйкесінше 182 химиялық талдау мен анықтама орындалды. Бұл ретте нормативтерден 4 асып кету анықталды,- деді Экология департаментінің бас маманы Жансая Оразбекова.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар