Спорт
"Пайладанып-пайдаланып, лақтыра салды": журналист Мырзағали Айтжановқа қатысты пікір білдірді
- авторМағжан Орынбасар
- 15 тамыз, 2024
- 588
Ол білікті бапкердің жылдар бойғы еңбегін бағаламағандарға ренішін айтты
Спорт журналисі Аслан Қаженов бокс федерациясының бапкерлер құрамына қатысты қабылдаған шешіміне қарсы жазба жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Журналист бас бапкер Мырзағали Айтжановтың әлемдік аренадағы орны, жетістігін атап өтіп, федерацияның бапкерге тиісті құрмет көрсетпей шығарып салғанын сынға алды.
- Кешеден бері ішім қайнап, өз-өзіме келе алмай жүрмін. 10 бірдей бапкерді далаға лақтыра салдық. Тура мағынасында солай. Париж олимпиадасынан кейін бір қорытынды жиын болмады. Бір сараптама жасалмады. Тараптардың уәжін де тыңдамадық. Бізден де кінәрәт бар. «Мырзағали кетсін», «Мырзағали кінәлі», «Мырзағали құртты» - деп шулай кеттік. Былай айтқанда «қан» керек болды. Федерация алды да Мырзағали Айтжановты құрбандыққа шалды. Ал, енді не істейміз? Ары қарай қандай жоспар? Тығырықтан қалай шығамыз? Ешкім жауап бере алмайды. Кеше бірнеше подкастқа қатысып, осыны айтып үлгергенім сол еді, телефоныма қарасам жаңағы шешім шығып қойған. Ал, осыған қанағатпыз ба? Осымен бүкіл мәселе реттелді ме? Расымен де, тек қана Мырзағали Айтжанов бастаған бапкерлер команданы артқа тарып, қазақ боксын құрдым жіберді ме? Басқа ешқандай фактор жоқ па? Басқа ешкім кінәлі емес пе? Ендеше, жарайды. Мықты екенбіз. Өте «парасатты» шешім. Өте «керемет» түйін,- дейді ол жазбасында.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Андрей Мартин «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметіне келді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Спорт
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024