жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 6:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда малшыға күш қолданып, қойларын алып кеткендер ұсталды

Жамбылда малшыға күш қолданып, қойларын алып кеткендер ұсталды
ашық дереккөзі
Жамбылда малшыға күш қолданып, қойларын алып кеткендер ұсталды
Жамбыл облысында малшыға күш қолданып, төрт қойды алып кеткен үш жігіт анықталды. Жуалы аудандық полиция бөліміне 30 жастағы Қарабастау ауылының тұрғыны xабарласып, ауыл маңындағы жайылымда 61 жастағы малшыға белгісіз үш адамның күш қолданып, төрт бас қойды алып кеткені туралы арыз жазған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Жәбірленушіге жалпы құны 240 000 теңге шамасында материалдық шығын келтірілген. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 19-бабымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды»,-делінген ведомство хабарламасында. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 20-22 жас аралығындағы күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар