дүйсенбі, 25 қараша, 2024 2:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оңтайландыру ісі қалай жүруде?

Оңтайландыру ісі қалай жүруде?
ашық дереккөзі
Оңтайландыру ісі қалай жүруде?
Өңірде қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыратын 80 шақты ұйым бар. Оның 63-і шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болса, 15-і жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 2-еуі акционерлік қоғам. Былтыр 58 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын жылды оң нәтижемен аяқтап, жалпы сомасы 721,4 миллион теңге таза кіріспен шыққан екен. Алдыңғы жылмен салыстырғанда таза табыс мөлшері 378,8 миллион теңгеге көбейген. Ал 5 ұйым жалпы 930 миллион теңге шамасында шығынмен аяқтапты. Бұл коммуналдық меншік ұйымдарының жалпы санының 8 пайызын құрайды. Оның ішінде облыстық көпбейінді ауруханасы 469,3 миллион теңге шығынмен шықса, «Тараз-Арена» спорт кешені 162 миллион теңгеге жуық қаражат шығындаған. «Жамбыл Су», «Жаңатас Су-Жылу», Төле би мамандандырылған көп салалы кәсіпорындарының да шығындары аз емес. Десе де бұл көрсеткіштер 2019 жылмен салыстырғанда 2 ұйымға азайып, шығындар мөлшері 311,4 миллион теңгеге төмендеген. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен жиында осы мәселелер жан-жақты сөз болып, саладағы проблемалар жіті талқыланды. Онда алдымен облыс әкімдігі қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Батырхан Әкектің баяндамасы тыңдалды. Жылды шығынмен қорытындылаған мекемелердің қаржылық шаруашылығы туралы әңгімелеген ол өңірдегі оңтайландыру шараларына тоқталды. Жекешелендіру төңірегінде сөз қозғаған баяндамашы мұндағы мақсат мемлекеттің қатысуы бар ұйымдарды бәсекелес ортаға беру және мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту екенін айтты. Аймақтағы жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары жалпы орындалған. Тек іске асырылмағаны – Тараз қаласы әкімдігінің «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС. Бұл ұйым келесі бесжылдыққа арналған кешенді жоспарға еніп тұр. Сонымен қатар №7 қалалық емхананы сенімгерлік басқаруға алған «Даримет» медициналық орталығы өзіне алған міндеттемелерді орындамауына байланысты келісімшарт соттың шешімімен бұзылған. Жиын барысында жылды шығынмен аяқтаған кәсіпорындар мен ұйымдарға жауапты мамандардың есептері де тыңдалды.  Облыс басшысы коммуналдық ұйымдар және оларды оңтайландыру, олардың жағдайы, коммуналдық және жеке меншікке сатылып кеткен, пайдаланылмай отырған ғимараттар мәселелері төңірегіндегі жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты. – Бос тұрған ғимараттарды, егер пайдалануға жарайтын болса, жеке кәсіпкерлердің иелігіне беру жолдарын қарастыру қажет. Сол сияқты, коммуналдық мекемелер де шығынды шектеп, пайдаға жұмыс істеуді ойластырсын. Олай болмаған жағдайда, басшылықты ауыстыруға тура келеді. Қаржы басқармасы тиісті қаржыны бөліп қойып қарап отырмай, игерілуін де бақылаулға алсын, – деді өңір басшысы.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар