жексенбі, 24 қараша, 2024 23:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жайбасарлыққа жол жоқ

Жайбасарлыққа жол жоқ
ашық дереккөзі
Жайбасарлыққа жол жоқ
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы жөніндегі кеңес өтіп, онда салаға қатысты негізгі мәселелер егжей-тегжейлі қаралып, талқыланды. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов айтуынша, 2017- 2020 жылдар аралығында жалпы саланы дамытуға 72,5 млрд. теңге субсидия төленіп, осы кезеңде бөлінген субсидия көлемі 2,1 есеге артқан. Нәтижесінде облыста төрт түлік малдың саны көбейген. Жалпы егін және мал шаруашылығындағы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2015 жылғы деңгейімен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімінің (көрсетілетін қызметтерінің) нақты көлем индексі 133,1 пайызға артты. Сондай-ақ 2017- 2021 жылдары аралығында жергілікті бюджет есебінен ұзындығы 556,48 шақырымды құрайтын 133 су шаруашылығы нысандарына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 36994 гектар суармалы алқап қалпына келтірілді. Атқарылған жұмыстың құны 1335,6 миллион теңгені құраған. Басқарма басшысының жасаған баяндамасына облыс әкімі қанағаттанған жоқ. – Облыста ірі қараның 26 пайызға көбейгенін айттыңыз. Бірақ, сүт өндіру көлемі 4,4 пайызға ғана көбейген. Неге? Сиырдың басы артса, сүттің де өндірісі көбеюі тиіс емес пе?» деп шегелеп сұрады «Атырауда сиыр түгіл, ешкіні сауады. Ешкінің өзінен 15 түрлі өнім шығарады. Бізде неге осындай жанкештілік жоқ. Өсімдік майымен тұрғындардың 27 пайызы ғана қамтылған. Өз алқабымызға мақсары, күнбағыс еге алмаймыз ба? Тауық еті неге қымбат? Қырғызда картоп бағасы төмен. Себебі, олар оны өздері көп мөлшерде егеді. Біздің тұрғындар да сол жақтан алып жатыр. Неге біз ең кемі картоп пен сәбізді жеткілікті көлемде егіп, өзімізде осы өнімдердің бағасын арзандата алмаймыз? Басқармада нақты талдау жоқ. Сіз маған қанша гектар алқапқа қандай өнім түрін егуіміз керектігін, оған қанша көлемде элиталық тұқым алуымыз керектігін баяндап отыруыңыз керек. Ондай белсенділікті көріп тұрған жоқпын. Жалпы, қаржы мен көмекті жұмысы ширақ шаруашылықтарға беру қажет», - деді облыс әкімі. Аймақ басшысы Байзақ, Талас, Меркі, Сарысу аудандарының әкімін онлайн түрде тыңдап, кемшіліктеріне тоқталып, жайбасарлыққа жол бермеудің ескертті. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының орындалуы Талас, Шу, Т.Рысқұлов, Мойынқұм аудандарында төмен екендігіне назар аударды.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар