жұма, 22 қараша, 2024 23:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда мыңға жуық мопед пен скутер жүргізушілері жауапқа тартылды

Жамбылда мыңға жуық мопед пен скутер жүргізушілері жауапқа тартылды
Фото - ашық дереккөзден
Таразда қос доңғалақты көлікті мінетіндер көбейген

Жамбылда тәртіп сақшылары екі дөңгелекті көлік құралдарын қауіпсіз жүргізу және олардың жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Полиция қызметкерлері қабылдаған шараларға қарамастан, мопед мінгендер жол қозғалысы ережелерін бұзуды жалғастырып, жол апаттарына әкеп соғуда. Апаттылықты азайту мақсатында полицейлер мопедтер мен электрлік скутерлердің қатысуымен ЖКО жиі болатын облыс орталығының көшелері мен қала сыртындағы трассаларды қарқынды түрде патрульдеуде.

 

  • Жолдарда шағын көлік құралдары жүргізушілерінің тәртібіне күшейтілген бақылау енгізілді.  Жыл басынан бері 691 мопед жүргізушісі және 263 электрлік скутер жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айып тұрағына 200-ден астам скутер қойылды Жамбыл облысының Полиция департаменті осы көлік құралдарын пайдаланушыларға ұқыпсыз көлік жүргізудің қауіптілігі туралы ескертеді,- делінген ресми хабарламада.
Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар