жұма, 3 мамыр, 2024 14:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Жамбылда оқушылар мінген автобус апатқа ұшырап,  8 бала ауруханаға түсті

Жамбылда оқушылар мінген автобус апатқа ұшырап,  8 бала ауруханаға түсті
Сурет ашық дереккөзден алынды
Бір оқушының жағдайы ауыр екені анықталды

Бүгін, 17 сәуір күні сәуір күні  Қордай ауданы, Арал ауылынан Жамбыл ауылына бағыт алған оқушыларды тасымалдайтын автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды jambylinfo.kz 

Қордай ауданы Жамбыл ауылындағы №26 орта мектебінде оқитын 2-ші ауысымның 8 оқушысын Арал ауылынан Жамбыл ауылына апара жатқан автобус апатқа ұшыраған. Балаларды тасыған көлік қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлікпен соқтығысқан.

"8 бала ауруханаға түсті. 1 баланың жағдайы ауыр, жансақтау бөліміне түскен, 2 оқушы ем алып жатыр. Қалған балалар үйлеріне қайтарылды. Балалар 2-4 сыныптың оқушылары. Арал ауылында орыс сыныптары болмауына байланысты Жамбыл ауылындағы мектепке тасымалданады. Тергеу жүріп жатыр",- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 Арал ауылынан 47 бала көрші ауылға қатынап оқиды.

"Жалпы Арал ауылынан 47 бала көршілес Жамбыл ауылына тасымалданып келеді. Олар Жамбыл ауылындағы №26 орта мектебінде оқиды. 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап оқушыларды жеке кәсіпкер Бекен Абдыгалиев тасымалдайды, - делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар