Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда республикалық кітап фестивалі өтуде
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 сәуір, 2025
- 258
Аталған фестивальдің негізгі мақсаты – кітап пен ғылымды кеңінен насихаттау және рухани әрі зияткерлік құндылықтарды қолдау және қаламгер мен оқырман арасындағы байланысты нығайту.
Ұлттық кітап күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Aulieata Book» республикалық кітап фестивалі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Мерекелік шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері жазушы Ерлан Жүніс, «Steppe & World» баспасының бас редакторы, «Рух» және Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтардың лауреаты Ырысбек Дәбей, «Шабыт» халықаралық фестивалінің гран-при иегері Мақсат Мәлік және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының өкілі Текесбаева Нұрбала Нұртайқызы қатысты.