жұма, 9 мамыр, 2025 23:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Полиция департаменті бірінші тоқсан бойынша есеп берді

Полиция департаменті бірінші тоқсан бойынша есеп берді
Фото: Polisia.kz
Басқосуда 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы жедел-қызметтік жұмыс нәтижелері сараланып, алдағы міндеттер нақтыланды.

Жамбыл облысы полиция департаментінде кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев жиын барысында Мемлекет басшысы мен ҚР Ішкі істер министрі белгілеген "Заң мен Тәртіп" қағидатын жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстар бойынша басқармалар мен бөлім басшыларынан есеп алды. Атап өтерлігі, 2025 жыл — елімізде полиция қызметінің алдын алу бағытына басымдық берілген жыл ретінде жарияланған.

Жиында аудандық басқарма және бөлім басшыларына "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу, полицияның ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру бағытында нақты тапсырмалар жүктелді.

Сонымен қатар, балалар құқығын қорғауда мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен іс-қимылды күшейту, мал ұрлығының алдын алу үшін профилактикалық шараларды жандандыру, мал мен ет өнімдері сатылатын сауда орындарында рейдтер өткізу қажеттігі айтылды.

Есірткі қылмысына қарсы күрес те назардан тыс қалмады – бұл бағытта ұйымдасқан қылмыстық топтарды әшкерелеу негізгі мақсат болып белгіленді. Бұдан бөлек, жиында алаяқтықпен күрес және жол-көлік оқиғаларын азайту мәселелері көтерілді. Қазіргі уақытта жол қозғалысын бақылау жүйесін автоматтандыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Ішкі тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселесіне де ерекше мән берілді. Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар басқарма мен аудандық бөлім басшыларына жұмыстағы олқылықтар үшін ескерту жасалып, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою тапсырылды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар