сейсенбі, 6 мамыр, 2025 14:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Зираттағы жер саудасы: Үкімет заңды күшейтпек

Зираттағы жер саудасы: Үкімет заңды күшейтпек
Фото: Muslim.kz
Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов Сенатор Андрей Лукиннiң сауалына берген жауабында мәлімдеді

Қазақстанда зираттарға арналған жер телімдерін заңсыз сату үшін жауапкершілік тағайындау жоспарлануда, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

— «Жер кодексінің 109-бабының 3-тармағына сәйкес, жалпы пайдаланымдағы жер қорынан қайтыс болған адамды немесе нақты тұрғылықты жері жоқ марқұмды жерлеу үшін кемінде 6 шаршы метр жер телімі тегін беріледі», – деді Премьер-Министр.

Үкіметтің мәліметінше, Жер кодексінің 109-бабы бойынша, қайтыс болған әр адамға немесе тұрғылықты жері жоқ тұлғаға зиратта кемінде 6 шаршы метр жер тегін берілуі тиіс. Дегенмен, жерлеу қызметтерінің бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді.

— «Жылжымайтын мүлік пен жерге қатысты мәмілелер жасау үшін Біртұтас мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының (https://map.gov4c.kz/egkn/) онлайн платформасы арқылы бос немесе меншік иелеріне тиесілі жер телімдерін көруге болады», – деп көрсетілген Премьер-Министрдің жауабында.

Бұған дейін сенатор Андрей Лукин зираттардың жекешеленуі VIP-қабірлердің пайда болуына себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар