Жамбылда Щорс Шарафутдиновке арналған мемориалдық тақта ашылды
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 6 ақпан, 2025
- 357

«Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», Тараз қаласының және Жамбыл облысының «Құрметті азаматы» Щорс Шарафутдиновтың құрметіне орай өзі тұрған үйінде мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шарада алғашқылардың бірі болып сөз алған Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы Абдалы Нұралиев бар саналы ғұмырын өңірдің оң өріс алуына сарп еткен еңбек адамының жанқиярлық жұмысына, үлгілі өміріне кеңінен тоқталды.
Ол 1939 жылы 19 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Жанғали ауданы, Күлшік-құм ауылында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын 1962 жылы, қатардағы ұста болып бастаған. 1975 жылы Қазақстан компартиясы Жамбыл облыстық комитетінің өндіріс және көлік бөлімінің меңгерушісі, 1983 жылы Жамбыл қалалық атқару комитетінің төрағасы, 1987 жылы Жамбыл облысының атқару комитетінің хатшысы, ал 1994 – 2003 жылдары арасында зейнет жасына шыққанға дейн Жамбыл облыстық мәслихатының алғашқы хатшысы болып қызмет атқарды.
Айта кетейік, Щорс Құбатайұлы жыл басында 85 жасқа қараған шағында дүниеден озған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Облыстық кикбоксинг федерациясының президенті тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 наурыз, 2025