сәрсенбі, 27 қараша, 2024 7:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ЖАМБЫЛДА «SOILE» КЛУБЫ АРҚЫЛЫ 1 227 ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЕРКІН СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕНГЕН

ЖАМБЫЛДА «SOILE» КЛУБЫ АРҚЫЛЫ 1 227 ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЕРКІН СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕНГЕН
ашық дереккөзі
ЖАМБЫЛДА «SOILE» КЛУБЫ АРҚЫЛЫ 1 227 ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЕРКІН СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕНГЕН
Тоқсан сайын өңірдегі тілдік ахуалды зерделеу мақсатында облыстық және жергілікті атқарушы органдардың кіріс-шығыс құжаттарына мониторинг жасалуда. Үшінші тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардағы қазақ тіліндегі шығыс құжаттарының үлес салмағы – 99,3 %-ды құрады. Алайда, өңірдегі банк жүйесі мен құқық қорғау органдарында іс құжаттарының басым бөлігі орыс тілінде жүргізіледі.
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова айтты. Аймақта үш тіл бойынша барлығы 4 109 тыңдаушы тегін оқу курстарымен қамтылған. Мемлекеттік тілді оқытудан 3 362 тыңдаушы курстан өтсе, мұның 87,4 %-і өзге ұлт өкілдері. Сондай-ақ, орыс тілін оқу курстарына 88 тыңдаушы, ағылшын тілін үйрету курстарына 659 тыңдаушы барады.
©©©
«Қордай ауданында жыл басынан бері 47 топта 592 тыңдаушы оқытылуда. Бүгінде 576 тыңдаушы курсты аяқтап, 16 адам тегін оқу курсын жалғастыруда. Қазақ тілін тілдесу арқылы меңгерту, қазақ тілінде ойын еркін жеткізе білуге жағдай жасау мақсатында TedX форматында жүргізілетін барлық ауданда «SÓILE» клубтары құрылды. Биыл «SOILE» клубының 93 отырысы өтіп, 1 227 өзге ұлт өкілі мемлекеттік тілде еркін сөйлеуге үйрететін ортаға тартылды. Тілдерді оқыту орталығының әлеуметтік парақшаларына «QazONLINE» айдарымен қазақ тілін тез үйренуге бағытталған 40 сабақ, ағылшын тілін онлайн үйрену бойынша 70 сабақ жарияланды», - деді спикер.
🔻Рахия Сейтбекқызы бұдан басқа әлеуметтік желіде 3 жобаның жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді. Олар – «Tarazlatyn», «Сауаттылық Time» және «Мен қазақша сөйлеймін» челленджі. Сонымен қатар қазақ тілін қарапайым деңгейде үйренуге арналған 16 сабақтан тұратын «QazOnline» мобильдік қосымшасы әзірленген. Мұны кез келген ауыл, қала тұрғыны «Play Market» қосымшасы арқылы ұялы телефонына жүктеп алып, пайдалануына болады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар