Жамбыл жаңалықтар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 2022 ЖЫЛЫ 180 БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУДАН ӨТЕТІН БОЛАДЫ
- авторjambylinfo.kz
- 23 желтоқсан, 2021
- 237
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 2022 ЖЫЛЫ 180 БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУДАН ӨТЕТІН БОЛАДЫ
Жамбыл облысында келер жылы мемлекеттік аттестаттаудан 180 білім беру ұйымдары, оның ішінде 51 мемлекеттік, 44 жекеменшік балабақша, 77 мектеп пен 8 колледж өтетін болады.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде департамент басшысы Дәмеш Ускумбаева айтып берді.
Спикердің мәліметінше, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Шу аудандарында 1 мектепте, Қордай ауданында 5 мектепте, Жуалы, Мойынқұм, Сарысу, Талас аудандарында 2 мектепте және облыстық білім басқармасына қарасты 1 мектеп-интернатта материалдық-техникалық базасы төмен жағдайда. Нақтылай айтқанда, пән кабинеттерінде қажетті зертханалық құрал-жабдықтар қарастырылмаған. Бұлардың басым бөлігі ауылдық мектептерде орын алуда.
©©©
«Осыған байланысты облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімдерімен мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында бірлескен жұмыстар атқарылуда», - деді спикер.
Айта кетейік, жалпы Жамбыл облысының сапаны қамтамасыз ету департаменті биыл білім беру мекемелерінде 82 бақылау шараларын өткізген. Оның 25-і профилактикалық бақылау болса, 57-сі нұсқаманың орындалуы бойынша жоспардан тыс тексеру. Бақылау шараларымен қалалық 7 мектеп, аудандық және ауылдық деңгейдегі 18 мектеп қамтылып, бірқатар кемшіліктер анықталған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз