сәрсенбі, 19 наурыз, 2025 13:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда сотталған азаматтар Құран оқуды үйреніп жатыр

Жамбылда сотталған азаматтар Құран оқуды үйреніп жатыр
Фото - Jambylinfo.kz
Бұл шара сотталғандардың діни сауатын арттырып, олардың түзу жолға түсуіне ықпал етуді көздейді

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші азаматтарға рухани білім беру мақсатында Құран сабағы ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл шара сотталғандардың діни сауатын арттырып, олардың түзу жолға түсуіне ықпал етуді көздейді.

Құран оқуды үйрету сабағын тәжірибелі ұстаздар жүргізіп, жазасын өтеушілерге қасиетті кітаптың маңыздылығы, оның адам өміріндегі рухани құндылығы туралы дәрістер оқылды. Сабақ барысында сотталғандар Құран сүрелерін дұрыс оқуды меңгеріп, исламдағы адамгершілік қағидаттары, сабыр мен тәубе ұғымдарының мәнін ұғынды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сабақтар жазасын өтеушілердің рухани дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, олардың өмірге деген көзқарасын оң бағытқа өзгертуге ықпал етеді.

Түзеу мекемесінде діни сауат ашу сабақтары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл бастама сотталған азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне, олардың теріс жолдан арылып, жаңа өмір бастауына көмектесуді мақсат етеді. Сабаққа қатысқан азаматтар рухани білімнің олардың ішкі жан дүниесіне оң әсер еткенін, өмірдің шынайы құндылықтарын ұғынуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Жалпы, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастамасымен Жамбыл облысындағы түзеу мекемелерінде сотталғандарды рухани

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар