бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 15:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда туа біткен жүрек ақауларын емдеу бойынша жаңа әдіс-тәсілдер енгізілді

Жамбылда туа біткен жүрек ақауларын емдеу бойынша жаңа әдіс-тәсілдер енгізілді
фото - ашық дереккөзден
Қазір осындай диагнозы бар науқастарға емделу қолжетімді

Жамбылдық мамандар кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында жүрек ауруларын хирургиялық емдеудің заманауи әдістерін ойлап тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне, туа біткен жүрек ақауларына қатысты жасалатын бұл тәсіл пациентті минималды жарақаттауға, хирургиялық емдеуден кейін тез қалпына келтіруге бағытталған. Ол - эндоваскулярлық (тамырлар арқылы), жамбас тамырлары арқылы, жүрек-өкпе айналымынсыз, жергілікті жансыздандырумен мүмкіндік берілетін бағыт. Оның барысында кішкентай құралдар (окклюдерлер, стенттер, спиральдар, цилиндрлер) терінің аз бөлігінің тесілуі арқылы үлкен тамырлар жүрекке тікелей еніп, ақауды жоюға ықпал етеді.

 19 жастағы Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғынында  туа біткен жүрек ақауы болғандықтан, көп ауырған. Соңғы кездері қатты мазасынданған ол дәрігерлерден көмек сұрапты. Орталық басшысы Сейітхан Жошыбаетың бақылауымен Microport Dmpp заманауи онклюдерін орнату бойынша  ота сәтті шығып, науқастың жағдайы жақсарып, жүрек соғысы қалпына келіп, туылғанынан өзін мазалаған ауруынан құтылып, дәрігерлерге алғысын айтты.

Айта кетейік, бүгінде Жамбыл облысының тұрғындары бүгінде жүрек ақауларын емдеуі республикалық орталықтарға немесе басқа да алыс аймақтарға бармай-ақ, өз жерінде сапалы және тиімді медициналық көмекке қол жеткізе алатындығын атап өткен жөн.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар