сейсенбі, 3 желтоқсан, 2024 22:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қыркүйектен бастап 445 мың студенттің стипендиясы 50%-ға дейін өседі

Қыркүйектен бастап 445 мың студенттің стипендиясы 50%-ға дейін өседі
фото - ашық дереккөзден
Бұл туралы Үкімет басшысы айтты

Премьер-Министр мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толығымен орындалып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мемлекеттік бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға (52,8%) бағытталған. Жыл сайын ең төменгі және базалық зейнетақы, сондай-ақ жалақы мөлшері өсіп келеді. Колледж студенттеріне берілетін стипендия мөлшері 50%-ға, бакалавриатқа 20%-ға, магистратура мен докторантураға 15%-ға артты. 1 қыркүйектен бастап 445 мың студенттің стипендиясы өседі (15-50% шегінде).

1 млн 700 мың мектеп оқушысын, сондай-ақ бала-бақшадағы 100 мыңға жуық баланы тегін тамақтандыруды мемлекет толықтай өз мойнына алды. Оған бюджеттен 179 млрд теңге бөлінді. Биыл 1-сыныпқа 352 мың бала барады. Оқушы орындарының тапшылығын жою үшін 302 мектептің құрылысы жүргізілуде, 70 мектептің құрылысы аяқталды.

Сонымен қатар зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін әлеуметтік төлем енгізілді. Бүгінде 1,7 млрд теңге көлемінде аталған әлеуметтік көмекті 9 мыңнан астам жұмысшы алды.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар