Мұғалімдерге берілетін гүл пара болып саналмас үшін қанша теңгеден аспауы тиіс
- авторjambylinfo.kz
- 29 тамыз, 2024
- 1.3k
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мұғалімдерге берілетін гүлдер мен сыйлықтың қай уақытта пара болып есептелмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Антикордың мәліметінше, мұғалімдер ҚК-нің 366-бабы бойынша "Пара алу" бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартыла алмайды. Бірақ Қылмыстық кодексте мұғалімдерге қолданылатын 247-бап ("Заңсыз сыйақы алу") бар.
"Егер мұғалім өзінің қызметтік өкілеттігіне байланысты қандай да бір іс-әрекеттерді сыйлаушының пайдасына жасамаса, 1 қыркүйекке оқушылардың, ұжымның, үшінші тұлғалардың мұғалімдерге сыйлықтар, оның ішінде гүл шоқтарын сыйға тартуына тыйым салынбайды. Сонымен қатар егер құны
5 АЕК-тен (18 460 теңге) асатын гүлдерді және сыйлықты сыйға тартылған адамның донордың пайдасына жасаған іс-әрекеттері арасында себеп-салдарлық байланыс орнатылса, онда мұндай сыйлықты, гүлдерді сыйға тарту ҚК-нің 247-бабы бойынша мұғалімнің қылмыстық жауапкершілігіне әкеп соғуы мүмкін", - делінген Антикордың Informburo.kz сұрағына берілген жауабында.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Президент 2 қыркүйек күні Жолдау жасайды
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024