жексенбі, 17 қараша, 2024 2:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдағы сапасыз жол үшін 128 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Жамбылдағы сапасыз жол үшін 128 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
ашық дереккөзі
Жамбылдағы сапасыз жол үшін 128 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
Жамбыл облысында жолдарды қанағаттанарлықсыз деңгейде ұстағаны үшін 128 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 6 айында облыстың автомобиль жолдарына 1026 тексеру жүргізіліп, оның барысында 6762 ақау анықталды. Тексеріс қорытындылары бойынша жол ұйымдарының басшыларына кемшіліктерді жою үшін 1026 ұйғарым берілген. Автомобиль жолдарын күтіп ұстаудағы кемшіліктер бойынша 190 ақпарат жолданған. Сондай-ақ, теміржол өткелдеріне тексеріс жүргізіліп, оларды күтіп-ұстау бойынша 152 ақау анықталған. Өткелдерге жауапты ұйымдардың басшыларына кемшіліктерді жою үшін 56 нұсқама жіберілген. Автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз күтімі және жол қауіпсіздігін тиісті қамтамасыз етпегені үшін 128 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. «Жолдарда жұмыс жүргізу, жолдарды, теміржол өткелдерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабының 1-бөлігі бойынша 81 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы 1 лауазымды тұлғаға қатысты осыған ұқсас құқық бұзушылық және ол жол-көлік оқиғасына әкеп соқтырғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды (ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы 2-бөлігі). Жолдарды, теміржол өткелдерін және басқа да құрылыстарды немесе жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын зақымдағаны үшін (ҚР ӘҚБтК - нің 630-бабы 1-бөлігі) 46 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Жамбыл облысы ПД ӘПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Николай Сон.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар