жексенбі, 17 қараша, 2024 0:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында ауылдық округ әкімдерінің сайлауына 194 байқаушы қатысады

Жамбыл облысында ауылдық округ әкімдерінің сайлауына 194 байқаушы қатысады
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында ауылдық округ әкімдерінің сайлауына 194 байқаушы қатысады
Жамбыл облысында ауылдық округ әкімдерінің сайлауына «Партиялық емес бақылау орталығынан» 194 байқаушы қатысады. Әкім сайлауы белсенді азаматтарға қосымша мүмкіндіктер туғызды – Ерлан Қарин Шығыс Қазақстанда 150 кандидат ауыл әкімі сайлауына өзін-өзі ұсынған Түркістан облысында әкім сайлауына түскен үміткерлердің 4,7 пайызы ғана - әйелдер Қарағанды облысында азаматтардың сайлау құқығы қалай сақталады Ағымдағы жылдың шілде айында облыстың 89 сайлау учаскесінде, ал кейінгі айларда 9 учаскіде ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізіледі. Бұған «Партиялық емес бақылау орталығынан» 194 байқаушы қатысады. «Партиялық емес бақылау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы филиалының жетекшісі Асқар Қадырқұлов хабарлағандай, ұйым алдағы аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауына байқау мен мониторинг жүргізу арқылы сайлау процесіне белсенді түрде атсалыспақ. Қазіргі уақытта Орталық өзінің байқаушылары үшін бірқатар оқыту семинарлар мен тренингтер өткізуде. «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерінің төте сайлауы – бұл Қазақстан Республикасының демократизациялау процесіндегі жаңа қадам. Қазақстанның Конституциясында белгіленген демократиялық қағидалар біздің елде ары қарайда жүзеге асырыла береді. Болашақта аудан және облыс әкімдерін сайлауын ұйымдастыру жоспарлануда. Сайлау кезінде ең бастысы – оны өткізу барысында сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығын сақтау, ол үшін бізде сайлауды бақылау саласында үлкен тәжірибесі бар топ құрылды. Біздің қоғамдық бірлесітіктің атынан қатысатын тәуелсіз байқаушылар сайлаудың адал және әділ өтуіне өз үлесін қосады деп сенемін», - деді Асқар Қадырқұлов. Естеріңізге сала кетейік, 25 шілдеде Қазақстан бойынша бір мезгілде 700-ден астам ауыл әкімдерін сайлауы өтеді. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің қалған әкімдерін сайлау олардың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін өткізіледі.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар