жексенбі, 17 қараша, 2024 2:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда тепловоз бен автокөлік өртенді

Жамбылда тепловоз бен автокөлік өртенді
ашық дереккөзі
Жамбылда тепловоз бен автокөлік өртенді
Жамбыл облысында бір күнде тепловоз мен автокөлік өрті тіркелді. СҚО биыл өрттен 143 млн теңге шығын шекті Қызылордада балалар ойын-сауық орталығы өртенді Ақтөбеде қоқыс полигоны жанып, қаланы көк түтін басты Шығыс Қазақстан облысында өрттен бес адам қаза тапты Жамбыл облысында қазіргідей жазғы маусымда өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысына мұқтаж азаматтар қатары арта түскен. Орташа есеппен күн сайын жедел басқару орталығына төтенше жағдайлар туралы 20-дан астам хабарлама келіп түсуде. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Айталық, өткен тәуліктерде Талас ауданының №12 өрт сөндіру бекетінің «101» телефонына, Талас ауданының Табакбұлақ станциясындағы тепловоздың өрті туралы хабарлама келіп түскен. Шақыру орнына өрт сөндіру бекетінің күштері мен құралдары жіберілді. Келген бойда өрт сөндірушілердің кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында өрт бір сағат ішінде оқшауланды, бір жарым сағатта сөндірілген. Өрттің жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ»,-делінген хабарламада. Сондай-ақ, сол күні Алматы-Ташкент тас жолында көліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Тараз қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары дереу жіберіліп, өртті сөндіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылданған. Өрт сөндіруші-құтқарушылардың іс-қимылдары нәтижесінде тілсіз жау оқшауланып, жойылған. Өрттің шығу себебі анықтау бойынша шаралар қолға алынған десек, қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелмеген. Сонымен қатар, өрт сөндіруші-құтқарушылар күн сайын құрғақ шөптің жануын жойып, құқық қорғау органдарына көмекке, жол-көлік оқиғалары, су басу , адамдарды, сондай-ақ жануарларды құтқаруға барады. «Осыған орай Жамбыл облысы ТЖ департаменті облыс және қала тұрғындарынан өрт немесе төтенше жағдай туындай қалса, өз күштерімен жоя алмайтындығына көз жеткен жағдайда уақыт өткізбей шұғыл түрде «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалу қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ шомылу маусымында судағы қауіпсіздік шараларын ұмытпауды және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды»,-делінген ведомство хабарламасында.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар