жексенбі, 17 қараша, 2024 5:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жемшөп дайындау жұмыстары жанданады

Жемшөп дайындау жұмыстары жанданады
ашық дереккөзі
Жемшөп дайындау жұмыстары жанданады
Премьер-Министр Асқар Мамин жемшөп дайындау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Жемшөп дайындау бойынша қазіргі жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев, өңір­лердегі ахуал туралы Атырау облысы­ның әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Солтүстік Қазақстан облы­сының әкімі Құмар Ақсақалов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Исқалиев, шаруаларды жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету туралы энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, сумен қамтамасыз ету және ерекше қорғалатын аумақтарда шабындықтар бөлу туралы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев баяндады. Жемшөп дайындау мәселелерін жедел шешу және оған тұрақты мониторинг жүргізу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанынан Республикалық жедел штаб жұмыс істейді. Өңірлерде жем-шөп дайындау жоспарлары айқындалды. Биылғы 18 шілдедегі жағдай бойынша 10,6 млн тонна шөп немесе жоспарланған көлемнің 44%-ы дайындалды. Қосымша 1,6 млн тонна пішендеме, 2,1 млн тонна сүрлем, 4,8 млн тонна сабан және 6 млн тонна құнарлы жем дайындалады. Шөп шабу­ды ұйымдастыру үшін 255,8 мың га алаң­ды құрайтын орман алқабы аумақ­тары ұсынылды. 6,5 мың шабындық бригадасы ұйымдастырылды, әкімдіктер 41,4 мың тонна жанар-жағармай материалдарын жеңілдікті бағамен қайта бөлді. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ 170 мың тонна көлемінде 4-5 санатты арпа мен бидай сатып алуды қаржыландырды, қосымша 30 мың тонна компанияның ішкі резервтері есебінен қайта бөлі­нетін болады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазіргі құрғақ­шы­лық кезеңінде фермерлерді жемшөппен қамтамасыз ету жөнінде жедел шешімдер қабылдау және жүйелі жұмыс жүргізу бо­йынша міндет қойды», деді А. Мамин. Премьер-Министр жемшөп дайындау жұ­мыс­тарын жандандыру, шабындықтар беру мәселелерінде өңіраралық өзара іс-қимыл­ды нығайту, құрғақшылықтан зардап шек­кен өңірлердің қажеттілігі үшін жемшөп қорын қалыптастыру қажеттігін атап өтті. А.Мамин халыққа жемшөпті қолжетімді бағамен сату мәселесін ерекше бақылауға алуды тапсырды. Осы мақсатта ауыл шаруа­шылығы өндірушілерімен, ұн тарту кә­сіп­орындарымен және құрама жем зауыт­тарымен меморандумдар жасасу қажет­тілігі атап өтілді. Жамбыл облысының халық­қа қолжетімді бағамен шөп пен жемді сату үшін арнайы жәрмеңкелер ұйымдас­тыру тәжірибесі оң бағаланды. Солтүстік өңір­лердің әкімдіктеріне сабанды барынша көп жинауды қамтамасыз ету тапсырылды. Премьер-Министр 200 мың тонна көлемінде мал азығы дақылдарын фор­вардтық сатып алуға «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ үшін Үкімет резерві­нен қаражат бөлу мәселесін қарауды тапсырды. Экология, геология және табиғи рес­урс­тар министрлігіне ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда шөп шабу мүмкіндігін қамтамасыз ету, Энергетика министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен бір­лесіп шөп шабу науқанына арзандатылған жанар-жағармайды қосымша бөлу тапсырылды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ға Маңғыстау және Қызылорда облыстарына жемшөп тасымалдауға төмендетілген тарифті қамтамасыз ету тапсырылды.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар