сейсенбі, 24 наурыз, 2026 0:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда жоғалған малшы 3 күннен кейін табылды

Жамбылда жоғалған малшы 3 күннен кейін табылды
Видеодан скрин жасалды
Іздестіру жұмыстары Қарақыстақ ауылынан шамамен 100 шақырым қашықтықта жүргізілді.

Жамбыл облысының Т. Рысқұлов ауданында құмды әрі қолжетімсіз аумақта жоғалған малшыны іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

1965 жылы туған азамат 20 наурыз күні таңертең мал жаю үшін атпен шығып, қайта оралмаған.

Іздестіру жұмыстары Қарақыстақ ауылынан шамамен 100 шақырым қашықтықта жүргізілді. Құтқару операциясына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары, кинологиялық топ, жол талғамайтын техника, ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен ауыл тұрғындары да жұмылдырылды.

Барлық қызметтердің үйлесімді әрекетінің арқасында жоғалған азамат бастапқы жоғалған жерінен 15 шақырым қашықтықта табылды. Құтқарушылар оны жақын маңдағы шаруа қожалығына жеткізді.

Қазіргі уақытта азамат медициналық көмекке мұқтаж. Оқиға орнына медициналық бригада жіберілді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар