Қазақстандық гимнасттар Aphrodite Cup турнирінде 4 жүлде жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 23 наурыз, 2026
- 23
Афина қаласында (Греция) өтіп жатқан көркем гимнастикадан халықаралық Aphrodite Cup турнирінде Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Финалдық бәсекелер қорытындысы бойынша топтық жаттығуда отандастарымыз 5 доппен орындалған бағдарламада алтын медаль иеленді.
Жекелей сында Ақмарал Ерекешева сәтті өнер көрсетіп, ұршықпен жаттығу бағдарламасында алтын алды. Сонымен қатар, ол доппен өткен финалда күміс жүлдеге қол жеткізіп, таспамен жаттығуда 5-орынға тұрақтады. Айта кетейік, кеше Ақмарал турнирдің көпсайыс қорытындысы бойынша 109.700 ұпай жинап, чемпион атанған болатын. Топтық құрамға да көпсайыс нәтижесінде 1-орын бұйырды.
Айым Мейіржанова ұршықпен өткен финалда қола жүлдегер атанып, шығыршықпен жаттығуда 5-орыннан көрінді. Ал Диана Серсембаева шығыршық сайысының ақтық сынында 6-орынға тұрақтады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмарал Ерекешева Астана қаласында өткен халықаралық Alem Cup турнирінде де жеңімпаз атанған еді.
Жамбылда жоғалған малшы 3 күннен кейін табылды
Ұқсас жаңалықтар
Таразда жас балуандар арасындағы ел чемпионаты өз мәресіне жетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 наурыз, 2026





