дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 11:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда жыл басынан 285 бас малдан бруцеллез ауруы анықталған

Жамбылда жыл басынан 285 бас малдан бруцеллез ауруы анықталған
Сурет: Астана телеарнасының сайтынан алынды
Бұл үшін жануарлардан 1,8 млн қан сынамасына манипуляция жасалған

Биыл облыста бруцеллез ауруы анықталған 285 бас ауыл шаруашылығы жануарлары санитариялық талаптармен сойылып, кезең кезеңімен қайта өңделген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Облыстық ветеренария басқармасы басшысының орынбасары Олжас Көкейдің сөзінше, аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 8,7млн манипуляция жүргізілген.

"Облыс аумағында 2 ауру түрінен 6 ошақ анықталып, оларда карантин шаралары қойылып, бүгінгі күнге аурудың көзін жою және сауықтыру жұмыстары толық жүргізілді",- деді Олжас Көкей.

Ал, Жамбыл облысы негізгі ошағы болып саналатын конго-қырым қыбасына қарсы жарты миллионнан аса мал залаласыздандыру шараларынан өткен. 

"Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы 2024 жылға арналған жоспарға сәйкес облыс аумағында эндемиялық аймаққа енгізілген 46 елді мекенде 6,4 млн. шаршы метр аулалар мен қора жайлар залаласыздандырылды. Барлығы 560 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларына екікезеңдегі залалсыздандыру жұмыстары толығымен жүргізілді",- деді облыстық ветеренария басқармасы басшысының орынбасары

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар