«Қазафильмнің» түгі қалған жоқ – Қожа рөліндегі актер еліміздегі киноөндірісті сынға алды
- авторjambylinfo.kz
- 7 маусым, 2024
- 642
Қазақ киносының аңыз актері, «Менің атым Қожа» фильмдегі басты рөлді сомдаған актер Нұрлан Сегізбаев қазіргі қазақ киноиндустриясына қатысты пікірін айтқан, деп хабарлайды jambylinfo.kz ztb_kazakhstan жобасына сілтеме жасай отырып.
Паблик журналистері актерден қазіргі киноөнері туралы пікірін сұраға. Нұрлан Сегізбаевтың айтуынша, жекеменшік киностудиялар «Қазақфильмнің» бюджетін құртып, біткен.
«Қазақ киносында «перестройка» енді басталып жатыр. Жекеменшік киностудиялар «біз де кино түсіреміз» деп, президентке арыз жазып, киностудияның бюджетін тартып алды ғой. Киноны қолдау орталығы ашылып, ақшаны бөліп жатыр. Білесіздер ғой, сценарий жазатын адам аз, кино түсіретін режиссер де аз. Бірақ, ақшаны жұмсайтын адам – продюсер көп. Сол ақшаға жабысып, төбелесіп, туысқандарын қосып, бюджетті құртты. Қазір «Қазақфильмнен» түк қалған жоқ», - деді актер.
Айта кетейік, бүгін хабарлағынымыздай, «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті сотталды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жамбылда қай жерлерде шомылуға болады
Ұқсас жаңалықтар
«Жастардан қалыспайды»: Мейрамбек Бесбаев Раиммен дуэт орындады
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 қараша, 2024