Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда жыл басынан бері 52 автокөлік өртеніп кеткен
- авторjambylinfo.kz
- 2 маусым, 2021
- 190
Жамбылда жыл басынан бері 52 автокөлік өртеніп кеткен
Жамбыл облысының аумағында жыл басынан бері 52 автокөліктің өртену оқиғасы тіркелді.
Автокөлік құралдарының негізгі жану себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып табылды. Көбіне өрт мотор бөлігінде тұтанған. Ол бөліктің шағын ғана көлемінде шоғырланған түйіндер мен агрегаттарында капот астында тұтанып жанатын бензин, дизель оты, мотор майы, трансмиссиялық және тежеуіш сұйықтылығы, рөлдің гидравликалық күшейткішінің сұйықтығы секілді жанғыш заттардың болуына байланысты.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері айтып берді. «Көліктегі өрт негізінен байқаусыз басталады. Түтін мен исі шықпағанша оны табу оңай емес, ал табылған жағдайда өрт сөндіргіш құралының көмегі қажет болмайтын жағдайға дейін өршуі мүмкін. Автокөлік салонын өрттің құрсаулау уақыты жану сипатына байланысты бірнеше секундтан 3 минутқа дейін болады. Ал 10 минуттың ішінде жеңіл автокөлік толығымен жанып кетуі мүмкін»,- дейді ТЖД техникалық нормалау тобының аға инженері азаматтық қорғау подполковнигі Берік Сатыбалдиев.
Айталық, 28 мамырда Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Бейбітшілік көшесінің бойында 1989 жылғы «Аudi-80» автокөлігін жалын шарпыды. Сол күні Меркі ауданы, Меркі ауылы Сарымолдаев көшесінің бойында 1985 жылғы «Аudi-100» автокөлігі отқа оранды. Бұл өрттердің негізгі себептері – электр қондырғыларының ақаулығы мен электр сымдарының қысқа тұйықталуы, снымен қатар қозғалтқыш жүйесінің ақауы.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз