Жамбылда жыл басынан бері 586,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
- авторМағжан Орынбасар
- 1 желтоқсан, 2025
- 296
Жамбылда жыл басынан 586,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы өңір басшысы Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өңірде тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп, жаңа алқаптар мен шағын аудандар салынуда. Аймақ басшысының айтуынша, жыл басынан бері облыста 586,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
-Облыс бойынша 2 190 пәтерлі 46 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 1200 пәтерлі 20 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұдан бөлек, көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік-осал топтары үшін 710 пәтер сатып алу жоспарлануда, - деді облыс әкімі.
«Әулие ата жастары» бағдарламасы аясында 140 жас отбасы баспанамен қамтылған.
Биыл Жамбылда 14 газдандыру жобасы іске асырылуда
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді
- авторМағжан Орынбасар
- 15 қаңтар, 2026
Жамбылда аса ауыр қылмыс көрсеткіші 48,3 пайызға төмендеді
- авторМағжан Орынбасар
- 15 қаңтар, 2026





