Биыл Жамбылда 14 газдандыру жобасы іске асырылуда
- авторСадуақас Айсұлу
- 1 желтоқсан, 2025
- 257
Жыл соңына дейін 13,9 млрд теңгеге 24 ауылдық елді мекен және Тараз, Шу, қалаларының 9 тұрғын алқабы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ға дейін жеткізілмек. Газдандыру аясында облыстың 6 ауданында 20,5 млрд теңгеге 14 жоба іске асырылуда.
«Биыл Тараз қаласында М-1 негізгі жылу магистралін жаңғырту және жаңа мөлтек ауданында жылу желілерін кеңейту бойынша жұмыстар аяқталды. Қаратау қаласында мазут шаруашылығы және орталық қазандықтар қайта жаңғыртудан өтті. Сонымен қатар, Тараз қаласында М-3 жылу желілерін жаңарту жүргізіліп, жоспарланған 1,4 шақырымның 50%-ында жұмыстар аяқталды. Келесі жылы толық аяқтаймыз», - деді өңір әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Автожол саласында 182 жобаны іске асыруға 28 млрд теңге бөлініп, құрылыс, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарымен 460,2 шақырым жол қамтылды.






