сәрсенбі, 9 қазан, 2024 14:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдың бас полициясы қызметінен кетті

Жамбылдың бас полициясы қызметінен кетті
Ашық дереккөз
Ол бұған дейін жұмысынан уақытша шеттетілген еді

Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин қызметінен кетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Еске салсақ, тамыз айында аймақтың бас полициясы қол астындағыларын боқтаған видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Салдарынан уақытша қызметінен шеттетілген. 

Арманбек Баймурзин облыстық полиция департаментінің тізгінін ұстағалы 2 жылдан асты.

Мансап жолы:

1997 жылдан бастап ІІО-ның жедел құрамында әртүрлі лауазымдарда жұмыс атқарды.

2004 жылдың ақпанынан 2012 жылдың сәуіріне дейін ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінде әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет етті.

2012 жылдың сәуірінен 2014 жылдың қарашасына дейінгі аралықта Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылдың 24 қарашасынан 2019 жылдың қазанына дейін – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы.

2019 жылдың қазанынан 2022 жылдың 9 ақпанына дейін - Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы.

2022 жылғы 10 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін - Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар